Бiр күнi гүл сатушы шашын қидыртпақ болып шаштаразға келiптi. Шашын алып болған соң ақша ұсынса шаштараз: - Алмаймын. Бұл аптада мен қарапайым адамдарға тегiн қызмет көрсетемiн, - дептi. Риза болған гүл сатушы рақметiн жаудырып кетiп қалады. Ертесiне шаштаразшы жұмысқа келсе есiк алдында алғыс хат пен 15 гүл шоғын көредi. Гүл сатушының сыйлығын алып, разы болып жұмысына кiрiсе бергенде наубайшы бас сұғады. Ол да гүл сатушы секiлдi ақша ұсынғанымен шаштаразшы алмай қояды. Аса разы болған наубаушы ертесiне есiгiнiң алдына алғыс хат пен 15 шелпек қалдырып кетедi. Осылайша жұмысына дән риза болып, адамдардың ниетiне көңiлi толып жайланады. Сол сәтте шаштаразға депутат бас сұғады. Шашын қидырып болған соң ақысын ұсынса, шаштаразшы: - Мен бiр апта бойы азғантай табыс табатын, маңдай терiнiң жемiсiн көретiн қарапайым жандарға тегiн қызмет жасаймын. Сiзде қалыс қалмаңыз, ақшаңызды алмаймын, - дептi. Мұндай жомарттыққа шаттанған депутат кетiп қалады. Таңертең шаштаразшы көтерiңкi көңiл-күймен жұмысына келсе есiк алдында кезекте 15 депутат, 10 сенатор, әкiм, оның әйелi және 4 баласы тұр екен дейдi)))